ҚМГ мен ҚТЖ Қазақстандағы мұнай өнімдері логистикасына толық цифрлық бақылауды қамтамасыз етті
22.06.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мұнай өнімдерін жеткізу тізбегінің цифрлық мониторингін дамыту жұмыстарын кеңінен жалғастыруда. Бұл бағыт аясында ҚМГ диспетчерлік‑талдау орталығы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) жүйелерімен интеграциялауды жүргізді.
ҚМГ-ның Диспетчерлік‑талдау орталығы компанияның барлық активінен, соның ішінде мұнай өңдеу зауыттарынан келіп түсетін жедел мәліметтерді жинақтайды, мұнай өнімдерін жөнелту бағыттарын қадағалайды және теміржол станцияларына жеткізу уақытын есептейді.
2025 жылдың соңында ҚМГ Диспетчерлік‑талдау орталығының жүйелері ҚТЖ-ның «Бас есептеу орталығы» филиалының мұнай өнімдерінің ел ішіндегі дислокациясы мен импортына қатысты деректерімен интеграцияланды. Бұл темір жолдары арқылы импорттық тасымалды (күн сайын) қоса алғанда, мұнай өнімдерінің қозғалысы мен көлемін Қазақстан аумағы бойынша, яғни бүкіл жүру бағытын сағат сайын қадағалауға мүмкіндік берді.
Әрбір вагон-цистерна қозғалысының визуалды мониторингі жасалды: жүйе тиеуден бастап вагонның орналасқан жерін, сондай-ақ тасымалдаудың әрбір кезеңіндегі (келу, жөнелту, тиеу, түсіру және т.б.) күндері мен жай-күйін көрсетеді.
Цистерналардың тоқтап қалу жағдайларына автоматты түрде мониторингілеу жүргізіледі. Жүйе станциялардағы кідірістерді тіркейді, бұл логистиканың осал тұстарын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстан өңірлерінің сараптамалық рейтингі жасалады.
Жалпы, ҚМГ-ның ҚТЖ жүйелерімен интеграциясы логистиканы цифрландырудағы маңызды қадам болды. Бұл бастама ел бойынша мұнай өнімдерін жеткізу тізбектеріне жедел мониторинг жүргізіп, нақты басқарушылық шешімдерді қабылдауға ықпал етті.
Айта кетсек, жоба Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылды.